jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматыда тағы да жер сілкінісі сезілді

    Алматы қаласы
    Алматы қаласы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Бүгін, 27 қаңтар сағат 06:11-де Алматы тұрғындары тағы да жер сілкінісін сезді. МSК-64 шкаласы бойынша сезілуі 2-3 балл, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ оңтүстік астананың Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

    ТЖД-ның мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 191 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

    • Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.9.
    • MPV магнитудасы – 5.2
    • Эпицентрінің бағыты – 41.52° с.е. 77.37° ш.б.
    • Тереңдігі – 10 шақырым.
    • МSК-64 шкаласы бойынша Алматы қаласында сезілуі 2-3 балл.

    ТЖД барлық құзырлы органдар хабардар екенін, "112", "101" желілеріне тұрғындардан ешқандай хабарлама келіп түспегенін атап өтті.

    Сондай-ақ департамент "Қазселденқорғау" мәліметіне сүйеніп, гидротехникалық құрылыстарда деформация, шөгу, жарықтардың пайда болғаны туралы фактілер тіркелмегенін жеткізді.

    Алматыда тағы да жер сілкінісі сезілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.