jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Қазақстанның алты облысында бір уақытта электр жарығы сөніп қалды

    Фото
    Көрнекі фото: pexels.com

    Дүйсенбі, 13 ақпанда Қазақстанның алты өңірінің кейбір тұрғындары жарықсыз қалды. "KEGOK" АҚ ресми сайтында жағдайға қатысты пікір білдірді.

    "KEGOK" Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы" АҚ хабарлауынша, бүгін сағат 09:23-те технологиялық қорғану шараларымен 500 кВ Л-5170 Екібастұз – Ағадыр электр беру желісі апатты түрде ажыратылды.

    Бұл Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарын шамамен 600 МВт (тұтынудың шамамен 10 пайызы) көлемінде энергиямен жабдықтауда шектеулер әкелді.

    "KEGOC" АҚ электр желілерінің аварияға қарсы автоматикасы штаттық режимде іске қосылды, соның арқасында Қазақстанның оңтүстік және орталық өңірлерінде жарықтан толық ажыратуға жол берілмеді.

    Қазіргі уақытта жарықтан ажыратылған тұтынушыларды электрмен жабдықтауды қалпына келтіру мақсатында оңтүстік өңірдің электр станцияларының жүктемесін толықтай көтеру жұмыстары жүргізілуде.

    Электр жеткізу желісіндегі зақымдануды анықтау және жою үшін жөндеу бригадаларының шығуы ұйымдастырылды", - делінген хабарламада.

    Қазақстанның алты облысында бір уақытта электр жарығы сөніп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.