jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Теміртауда техногенді сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

    Газ баллоны жарылған үй
    Теміртауда техногенді төтенше жағдай жарияланды. Скриншот: ktk.kz

    Теміртауда өткен аптада қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, 7 адам зардап шеккен. Ал сол кезде жарақат алған 70 жастағы кейуана кеше көз жұмды. Оқиғаға байланысты қалада техногенді сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды КТК арнасында.

    Телеарна мәліметінше, жарылыс үшінші қабаттағы пәтерде болған. Кейін от шығып, үйдегі екі зейнеткер қатты күйіп қалған. Ал 2 мен 7 жас аралығындағы бес балаға иіс тиген. Қазір балалар үйде емделіп жатыр.

    "Жансақтау бөліміне жеткізілген екі әйелдің денесінің 80 пайызын күйік шалған. Оның бірі кеше көз жұмып, екіншісі әлі ауыр хәлде жатыр", - деп хабарланды телеарна мәліметінде.

    Сондай-ақ жарылыстан кейін пәтерлердің қабырғалары бұзылған. Сол себепті подьездегі 25 тұрғын үйден шығарылып, ғамаратты тексеру басталды. Олардың баспанасына қашан оралатыны әзірге белгісіз. Себебі, көпқабатты үй тұруға жарамсыз дейді шенеуніктер.

    "Сараптаманың алдын ала қорытындысы бойынша үшінші подъездегі пәтерлердің қабырғалары мен төбесі жарылған. Теміртау қаласы әкімі төтенше жағдай жариялау шешімін шығарды. Жөндеу бюджет есебінен жүргізіледі. Тұрғындарға да материалдық көмек беру қарастырылған", - дейді Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Владислав Цай.

    Теміртауда техногенді сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.