jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Жамбыл облысында әкімге шабуыл жасалды: шенеуніктің қазіргі жағдайы қалай

    Медицина қызметкері
    Медицина қызметкері аурухана дәлізінде. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Жамбыл облысы Меркі ауданы Ойтал ауылының әкімі алты күн бұрын өз жұмыс орнында пышақ жарақатын алған еді. Ол бір аптаға жуық жансақтау бөлімінде жатып, енді есін жиды, деп хабарлайды КТК арнасы.

    Телеарнаның мәліметінше, Жамбыл облысында пышақ жарақатын алған ауыл әкімінің беті бері қарады. Дәрігерлер 46 жастағы шенеуніктің өміріне қауіп төніп тұрмағанын, бес күннен кейін ауруханадан шығуы мүмкін екенін айтты.

    "Ол ішінен пышақ жарақатын алған. Науқасқа жедел ота жасалған. Отадан кейінгі диагнозы ұйқы безі басының жарақаты. Ота сәтті өтті. Қазір жағдайы қанағаттанарлық", - дейді Меркі ауданы ауруханасының бөлім меңгерушісі Алмас Парманқұлов.

    Қазір науқас жалпы палатаға ауыстырылған.

    Телеарна мәліметінше, әкімге пышақ жұмсаған жергілікті тұрғын, оның неліктен мұндай қадамға барғаны белгісіз. Полицейлер 42 жастағы күдіктінің мас болғанын айтады. Сондай-ақ ол 2013 жылға дейін психдиспансерде тіркеуде тұрған. Қазір күдіктіге қатысты іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

    Дереккөз: КТК телеарнасы

    Айта кетейік, осыған дейін Жамбыл облысында ауыл әкімі жұмыс орнында пышақ жарақатын алып ауруханаға түскенін хабарлаған едік.

    Жамбыл облысында әкімге шабуыл жасалды: шенеуніктің қазіргі жағдайы қалай

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.