jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада мұнара краны құлап кетті (фото)

    Бұзылған мұнара краны
    Бұзылған мұнара краны. Фото: Өнеркәсіптік қауіпсіздіздік комитетінің ресми сайты

    Астанада Ақын Сара көшесіндегі құрылыс учаскесінде жүкті көтеру кезінде QTZ-63 мұнара краны құлап кеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздіздік комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

    Ведемсто мәліметінше, оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ. ТЖД өкілдерінің алдын ала болжамы бойынша апаттың себебі шамадан тыс жүктемеден болуы мүмкін.

    "2023 жылғы 19 сәуірде сағат 09:25 шамасында Астана қаласы, Комсомольский тұрғын үй кешені, Ақын Сара көшесі 53 учаскесі мекенжайында орналасқан Inshaat Invest ЖШС-нің "Кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені" құрылыс учаскесінде жүкті көтеру кезінде QTZ-63 мұнара кранының секциясы бұзылды (кранның иесі ИП Капитал)", - делінген хабарламада.

    Бұзылған мұнара краны
    Құлаған мұнара краны. Фото: Өнеркәсіптік қауіпсіздіздік комитетінің ресми сайты

    Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істеуде.

    Сонымен қатар департаментпен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен аварияны тергеу жөніндегі комиссия құрылады. ТДЖ тергеу нәтижелері қосымша хабарланатынын жеткізді.

    Астанада мұнара краны құлап кетті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.