jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Зардап шеккендер бар: Ақтөбе облысындағы газ өңдеу зауытында өрт шықты

    ТЖД қызметкерлері Жаңажол кен орнындағы өртті сөндіруде
    ТЖД қызметкерлері Жаңажол кен орнындағы өртті сөндіруде. Оқиға орнынан фото: t.me/Aktobe_region

    Ақтөбе облысы Жаңажол кен орнындағы №2 газ өңдеу зауытында жеңіл көмірсутектерді алу қондырғысы өртенді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "1 мамырда сағат 15:55-те 112 пультіне Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі Жаңажол кен орнында "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ №2 газ өңдеу зауытының аумағында УПЛУ-1 (жеңіл көмірсутектер алу қондырғысы) өртенгені туралы хабарлама келіп түсті", - делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

    Облыстық әкімдіктің мәліметінше, өрт салдарынан күйік шалған 4 жұмысшы Темір ауданының орталық ауруханасына шұғыл түрде жеткізілген.

    "Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты ауыр", - деп қосты әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

    Әкімдіктің ақпаратынша, өртті жою бойынша жедел штаб құрылған. Қызыл жалынды сөндіруге 52 құтқарушы мен 9 техника жұмылдырылған.

    Сағат 20:35-те өрттің таралуы тоқтатылып, өртті сөндіру жұмыстары жалғасқан. 2 мамыр сағат 06-20-да өрт толықтай сөндірілген.

    Зардап шеккендер бар: Ақтөбе облысындағы газ өңдеу зауытында өрт шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.