jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    "Тракторымен өртті сөндіруге көмекке шыққан": Абай облысында жоғалып кеткен ер адам іздестірілуде

    Сергей Архипов
    Сергей Архипов. Фото: instagram.com/abai_department_police

    Абай облысында өрт сөндіруге көмектесуге шығып кеткен облыс тұрғынынан туыстары екі күннен бері хабар ала алмай отыр. Қазіргі таңда ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Абай облысының полиция департаменті Instagram парақшасында хабарлады.

    Ведомство мәліметінше, Бесқарағай ауданының полиция бөліміне Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны, 1987 жылы туған Архипов Сергей Николаевичтің туыстары көмек сұрап, жүгінген.

    Олардың айтуынша, Сергей 10 маусымда өзінің тракторымен өртті сөндіруге көмектесуге кетіп, қайта оралмаған.

    "Жедел штабтан келіп түскен ақпарат бойынша Долон орман шаруашылығының тракторшысы С. Н.Архипов 2023 жылғы 10 маусымдағы кештен бастап байланысқа шықпаған", - деп атап өтті полициядан.

    Қазіргі таңда полиция қызметкерлері ТЖМ-мен бірлесіп тракторшының орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Іздеуге жеке құрам жұмылдырылған.

    Сондай-ақ ол жүріп өткен көлік құралын анықтау үшін аумақты әуеден шолу жасалмақшы.

    "Егер сіз С. Н. Архиповтың орналасқан жері бойынша қандай да бір мәлімет білетін болсаңыз, "102" телефонына немесе жақын жердегі полиция бөлімшесіне хабарлауыңызды өтінеміз", – делінген полиция хабарламасында.

    "Тракторымен өртті сөндіруге көмекке шыққан": Абай облысында жоғалып кеткен ер адам іздестірілуде

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.