jitsu gif
Оқыс оқиға

    Маңғыстау облысында өрт сөндірушілер бірнеше күннен бері өртпен арпалысып жатыр

    Маңғыстау облысындағы өрт
    Маңғыстау облысындағы өрт. Видеодани кадр: youtube.com/@newsKTK

    Маңғыстау облысында кен орнынан шыққан жалын әлі өшкен жоқ. Лаулаған өрттің биіктігі он метрге дейін жетеді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

    Телеарна мәліметінше, "Бозашы мұнай" серіктестігіне қарасты "Оңтүстік Қаратұрын" кен орнындағы өрт өткен жұма күні басталған. Мың метр тереңдіктен бұрғылау құралын шығару кезінде газ атқылап өртенген. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 33 техникасы мен 90-ға жуық өрт сөндіруші жұмылдырылған.

    "Оңтүстік Қаратұрын" кен орны Ақтау қаласынан 277 шақырым жерде орналасқан. Мамандар ұңғымадан шыққан өрт сәт сайын жер астына қарай бойлап барады дейді. Олардың сөзінше, су шашса да әсер ететін түрі жоқ. Сондықтан төтенше жағдай қызметкерлері өртті өшіру үшін бетон аралас қоспа құймақшы.

    "Қазір скаважина айналысында жер босап төмен қарай түсіп жатыр. Кратер ұңғымасы орын алып отыр. Диаметрі 15 метр, тереңдігі 23 метрге дейін. Скважина төменгі жерге кіріп бара жатыр. Сол себепті жоғары қысымды газ бен су қосындысын тоқтату үшін фланец орнату мүмкін болмай тұр. Ұңғыманы терең бетон қосындыларымен толтыруға шешім қабылданды. Қазір ерітінді дайындалып жатыр", – дейді Маңғыстау облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Нұрлыбек Айжарықов.

    Дереккөз: КТК арнасы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.