jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ауруханаға өзі барған: Ақтөбе облысында кәріз станциясында сіріңке тұтатқан әйелдің денесін 95 пайыз күйік шалды

    сіріңке
    Сіріңке. Көрнекі фото: pixabay.com

    Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылында канализациялық сорғы станциясында оқыс оқиға болды. Кәріз бекетінде сіріңке тұтатқан 48 жастағы әйел газ қоспасымен лап ете қалған отқа күйді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ақтөбе облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі оқиға 14 маусым күні жергілікті уақытпен сағат 22:55 шамасында Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылында тіркелгенін хабарлады. "Кеңқияқ-СК" коммуналдық мекемесіне қарасты канализациялық сорғы станциясының операторы кәріз бекетінің ішінде сіріңке тұтатқан. Газ бен ауа қоспасынан от шығып, оператор күйіп қалған.

    "Қазіргі таңда кәріз станциясы өз жұмысын штаттық режимде жалғастыруда, тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның бастапқы себебі: қауіпсіздік шараларын сақтамау. Науқас кәріз жинау станцясының есігін ашып, сіріңкені жаққан кезде жарылыс болған", - дейді Ақтөбе облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері.

    Белгілі болғандай, станция операторы оқиға болғаннан кейін жолдасын шақырып, киімін өзі шешкен. Аудандық ауруханаға да өзі барған.

    "Науқастың денесінің термиялық күйігі 90-95 пайызды құрайды, травматикалық шок 1-2 дәрежелі. Кеңқияқ ауылдық ауруханасы қызметкерлері медициналық көмек көрсетті. Қазіргі уақытта науқас санавиация арқылы облыс орталығына жеткізілді", - дейді Темір аудандық ауруханасының бас дәрігері Сержан Жанахметов.

    Айта кетейік, 48 жастағы науқас канализациялық сорғы станциясының операторы болып жұмыс істейді.

    Автор: Ардақ Ерубаева

    Ауруханаға өзі барған: Ақтөбе облысында кәріз станциясында сіріңке тұтатқан әйелдің денесін 95 пайыз күйік шалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.