jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Ақсу ферроқорытпа зауытындағы өртті сөндіру кезінде өрт сөндіруші зардап шекті

    Ақсу ферроқорытпа зауыты
    Ақсу ферроқорытпа зауыты. Фото: www.kazchrome.com

    Ақсу ферроқорытпа зауытындағы өртті сөндіруге қатысқан өрт сөндірушілердің бірі зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Ал кәсіпорын аумағында төтенше жағдайларды жою жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, №15 деңгейдегі аккумулятор бөлмінде құрал-жабдықтар мен май сорғыш өртке оранған. Аудан аумағы шамамен – 50 шаршы метр. Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 53 қызметкері, 13 арнайы техника жұмыс істеуде.

    "Жоғары температура салдарынан төбе опырылып түсті. Өрт сөндіруші жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр", – деп хабарлады Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінде.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Ақсу ферроқорытпа зауытының баспасөз қызметі трансформаторлық пештің №4 балқыту цехында өрт шыққаны туралы хабарлған болатын. Сондай-ақ өрттің оқшауланғаны анықталды. Жедел штаб құрылып, тергеу басталды.

    Ақсу ферроқорытпа зауытындағы өртті сөндіру кезінде өрт сөндіруші зардап шекті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.