jitsu gif
Оқыс оқиға

    Атырауда неліктен электр қуатының өшірілгенін Энергетика министрлігі мен "Атырау-Жарық" мекемесі түсіндірді

    Жарық
    Жарық. Көрнекі фото: Рixabay.com

    "Атырау-Жарық" компаниясы бүгін, 3 шілдеде Атырауда электр қуатының апатты жағдайда сөну себебін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

    "Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының №1 энергия блогының апаттық жағдайда ажыратылуына байланысты жиіліктің төмендеуі байқалды. Осыған байланысты Атырау облысының электр станциялары оқшауланған жұмыс режиміне көшті. Бұл режим "Теңізшевройл", NCOC компаниялары мен "Атырау жылу-электр орталығы" АҚ-да іске қосылды.

    Ал Атырау қаласының сол жақ жағалауындағы Дамбы ауылынан орталықтағы шағынаудандар мен Талғайраң елді мекеніне дейінгі аралығы электр жарығымен толық қамтылды.

    Қазір "Атырау жылу-электр орталығы" АҚ-дан шығатын 35 кВ желісі қосылды. Енді Атырау қаласының қосалқы станциясынан шығатын фидерлер қосылады", – деп мәлім етті энергетикалық кешеннің баспасөз қызметінен.

    Апаттың себептерін анықтағаннан кейін электрмен жабдықтау қалпына келтірілетіні айтылған.

    Сондай-ақ Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі бүгін МАЭК ЖЭО-дағы №1 энергоблокта апат болғанын растады.

    "3 шілдеде сағат 18:23-те МАЭК ЖШС жылу электр станциясында 130 МВт жүктемесі бар №1 энергия блогы апатты жағдайда ажыратылды.

    Батыс энергия орталығында генерацияның кенеттен тоқтап қалуына байланысты электр желісінің жиілігі 48,6 Гц-ке дейін төмендеді. Осыған байланысты Маңғыстау және Атырау энергия тораптары оқшауланған жұмысқа бөлінді. Дәл осындай себеппен Атырау ЖЭО, Karabatan Utility Solutions бу-газ қондырғысы, Қаламқас және ТШО газ станциялары оқшауланған жұмысқа бөлінді.

    Өнеркәсіптік кәсіпорындарға және елді мекендердің бір бөлігіне шектеулер енгізілді.

    Сағат 19:22-де Атырау энергия торабы Батыс энергия торабымен қосылды, шектеулер алынып тасталуда", – деп хабарлады ведомстводан.

    Кейін Энергетика министрлігі сағат 20:36-дағы жағдай бойынша Маңғыстау энергия торабы энергия жүйесімен қосылғанын, шектеулер алынып тасталатынын хабарлады.

    Атырауда неліктен электр қуатының өшірілгенін Энергетика министрлігі мен "Атырау-Жарық" мекемесі түсіндірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.