Алматыда прокуратура ғимаратының үстіне үлкен ағаш құлады
Опубликовано:
Алматының Медеу ауданы прокуратурасының ғимаратына ағаш опырылып құлады. Қала басшылығы оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бүгін, 4 шілде күні таңғы сағат 8:20 шамасында қаладағы Медеу ауданы прокуратурасының ғимараты орналасқан Достық даңғылы 7 мекен жайында болған.
Ведомствоның хабарлауынша, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.
Әкімдік бұл ағаштың апатты жағдайдағы ағаш еместігін атап өтті.
Оқиға орнына мердігер ұйымның қызметкерлері барды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2027554-almatyda-prokuratura-gimaratynyn-ustine-ulken-agas-qulady/