jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда өрттен зардап шеккен әйел ауруханада көз жұмды

    Жедел жәрдем
    Жедел жәрдем көліктері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Алматыдағы Ақкент шағын ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрттен зардап шеккен әйел көз жұмды. Төрт бала жансақтау бөлімінде жатыр. Өртте барлығы 43 адам жапа шеккен. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Ведомствоның хабарлауынша, Алатау ауданындағы Ақкент шағын ауданындағы өрт оқиғасына 23 жедел жәрдем бригадасы, оның ішінде 5 жансақтау бригадасы жұмылдырылған. Барлығы 43 адам зардап шеккен.

    "4 бала жансақтау бөлімінде жатыр, тағы төртеуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді, үш баланың ата-анасы ауруханаға жатқызудан бас тартты.

    12 ересек науқас қалалық көп бейінді ауруханаларға жеткізілді, оның ішінде 5 адам ауруханаға жатқызылды, қалғандары қажетті жедел медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық бақылауға жіберілді. Қалғандарының жағдайы тұрақты.

    Бір әйел алған көптеген жарақатының салдарынан қайтыс болды", - делінген хабарламада.

    Департамент өкілі кейбір тұрғындарға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілгенін атап өтті.

    Еске сала кетейік, 1 тамыз күні Алматының Алатау ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты.

    Желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар жарияланды - онда адамдардың терезеден секіріп жатқанын көруге болады.

    ТЖД қызметкерлері шақыртудан соң оқиға орнына 6 минут ішінде келген. Онда 16 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатында орналасқан пәтер ашық жалынмен өртеніп жатқаны анықталды. Лифт шахтасында 5-ші және 6-ші қабатта электр кабельдері жанғаны айтылды.

    Алматыда өрттен зардап шеккен әйел ауруханада көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.