jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Ақтөбеде өрт кезінде 44 адам эвакуацияланды

    Өрт сөндіруші
    Өрт сөндіруші. Фото: Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі

    Ақтөбе облысының өрт сөндірушілері өрт кезінде 44 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Бүгін сағат 13:22-де Ақтөбе қаласының Жаманқұлов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы  хабарлама келіп түсті. Бірінші қабаттағы пәтерде үй заттары өртенді. 

    Шақыру орнына келген өрт сөндірушілер өртті сөндіруге және тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Барлау  жүргізу кезінде өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында құтқару қалпақтарының көмегімен 4 адам құтқарылды. Сонымен қатар баспалдақ маршы арқылы 40 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды", - деп хабарлады Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

    Сонымен қатар департамент баспасөзінің мәліметінше, 13.47-де өрт сөндірілген. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

    "Өртті сөндіруге Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің 26 өрт сөндіруші мен 6 бірлік техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, өрт орнына Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы барды. Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады", - деп хабарлады Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.