jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Ешкім тірі қалмады": Малайзияда ұшақ апатқа ұшырады (фото)

    Малайзиядағы ұшақ апаты болған жер
    Малайзиядағы ұшақ апаты болған жер. Фото: Muhammad Lutfi/AFP/Getty Images

    Бейсенбі, 17 тамызда Малайзия астанасы Куала-Лумпур маңында чартерлік ұшақ апатқа ұшырады. Қазіргі уақытта 10 адамның қаза тапқаны белгілі, деп хабарлайды CNN.

    Малайзия азаматтық авиация басқармасының хабарлауынша, бортында алты жолаушы мен екі экипаж мүшесі бар ұшақ Лангкави халықаралық әуежайынан ұшып шығып, Сұлтан Абдул Азиз Шах әуежайына бет алған.

    "Ұшқыштар ұшақ басқару мұнарасымен алғаш рет сағат 14:47-де хабарласқан (ред. - Астана уақытымен сағат 12:27-де), қонуға рұқсат сағат 14:48-де берілген.

    Жергілікті уақыт бойынша сағат 14:51-де диспетчерлік мұнара апат орнынан түтін шыққанын байқады, бірақ ұшақ апаттық сигнал бермеген", - делінген хабарламада.

    Малайзиядағы ұшақ апаты болған жер
    Малайзиядағы ұшақ апаты болған жер. Фото: Muhammad Lutfi/AFP/Getty Images

    Жергілікті полицияның мәліметінше, ұшақ жеңіл көлік пен мотоциклге соқтығысқан. Көлікте және мотоциклде бір адамнан болған.

    "Сот-медициналық сарапшылар марқұмдардың денесін жинауда, оларды зерттеу үшін ауруханаға апарады", - дейді полиция басшысы Хусейн Омар Хан.

    Бұл ретте көлік министрі Энтони Локк тергеу жүріп жатқанын айтты.

    "Ұшақ апатынан ешкім аман қалмады", - дейді ол баспасөз мәслихатында.

    Малайзиядағы ұшақ апаты болған жер
    Малайзиядағы ұшақ апаты болған жер. Фото: Muhammad Lutfi/AFP/Getty Images

    Еске салсақ, биыл Непалда 72 адам мінген ұшақ апатқа ұшыраған болатын.

    "Ешкім тірі қалмады": Малайзияда ұшақ апатқа ұшырады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.