jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шымкентте ет тартқышқа қолы қысылып қалған үш жасар бала жансақтау бөліміне түсті

    Ет тартқыш
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Шымкентте 3 жасар баланың қолы ет тартқышқа қысылып қалды. Оқыс оқиға Сайрам тұрғын алабында 30 тамыз күні болған. Қалалық аурухана дәрігерлері баланың қолын ет тартқыштан шығара алмай, құтқарушыларды көмекке шақырған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы дәрігерлермен бірігіп баланың қолын электр ет тартқышынан шығару операциясын жүргізген. Бұл уақытта балаға наркоз беріліп, ұйқыда жатқан. 

    "Сайрам елдімекеніндегі № 3 Шымкент қалалық ауруханасында Шымкент қаласы ТЖ департаментінің Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері баланың қолын электр ет тартқыштан босату бойынша операция жүргізді.

    Қалалық ауруханадан "112" құтқару қызметіне 3 жасар баланың қолы электр ет тартқышқа қысылып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Құтқарушылар операцияны дәрігерлермен бірге жүргізді. Төтенше жағдай қызметкерлері авариялық-құтқару құралының көмегімен ет тартқыштың корпусын мұқият кесіп, қолын босатты, бұл сәтте баланы наркоз арқылы ұйықтатып қойған. Құрметті ата-аналар! Балалармен мұқият және сақ болыңыз! Бір секундқа да балаларды назардан тыс қалдырмаңыз", - деп ескертеді Шымкент қалалық ТЖД өкілдері.

    Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккен бүлдіршін Шымкент қалалық № 3 ауруханасынан № 1 қалалық клиникалық балалар ауруханасына ауыстырылған. Қазір жансақтау бөлімінде дәрігерлердің жіті бақылауында.

    Кейінірек Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы жарақат алған баланың үш саусағын ампутациялауға тура келгенін мәлім етті.

    "Үшінші, төртінші, бесінші саусақтары ет тартқышқа қысылып, жарамсыз күйге түскен. Қазіргі жағдайы бірқалыпты. Ешқандай асқыну, іріңдеу болмаса бір аптадан соң үйіне шығарылады", - деп хабарлады Шымкент қалалық денсаулықсақтау басқармасының баспасөз қызметі.

    Шымкентте ет тартқышқа қолы қысылып қалған үш жасар бала жансақтау бөліміне түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.