jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда электр бағанына шыққан электрші тоқ ұрып, қайтыс болды

    Электр бағанасы
    Электр бағанасы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Әлеуметтік желіде Алматыда электр бағанасына шығып, жұмыс істеп жатқан электршінің қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл оқиғаға қатысты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Telegram-дағы Egov.press арнасында оқиға орнынан видео жарияланды. Кадрларға қарағанда, ер адам жұмыс істеп жатқан кезде қаза тапқан.

    "Жергілікті тұрғындардың айтуынша, тұрғын үй кешенінің басшылығы электршіні жабдықсыз жіберген. Өйткені олар бәріне үнемдейді", - деп жазады басылым.

    Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

    "Аталған факті бойынша Түрксіб ауданы әкімдігінің полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

    Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады ведомстводан.

    Полиция оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын айтты.

    Алматыда электр бағанына шыққан электрші тоқ ұрып, қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.