Алматының коммуналдық қызметтері жаңбырға байланысты күшейтілген режимге көшті (фото)
Жарияланған күні:

Алматыда коммуналдық қызметтеркерлер толассыз жаңбыр жаууына байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, 13 қазанда сағат 13:30-дан бастап Алматыда жаңбыр жауа бастады. Мамандар қалада жаңбыр 14 қазан таңертеңгі уақытқа дейін жауады деп болжады.
"Арық желілері арқылы судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында сағат 08.00-ден бастап 38 патрульді бригаданың шығуы ұйымдастырылды. Су тасқынының алдын алу және жою үшін барлығы 168 бірлік арнайы техника, 23 мотопомпалар және 757 жол жұмысшылары жұмылдырылды. 1800 қап құм әзірленді. Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды", -делінген хабарламада.


"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша Алматы қаласында 14 қазан таңға дейін кей уақытта қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Каменское платода желдің екпіні 15-20 м/с дейін 20 мм дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы +14...+16 градус, түнде +3...+5 градус болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2040957-almatynyn-kommunaldyq-qyzmetteri-zanbyrga-bailanysty-kuseitilgen-rezimge-kosti-foto/