jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда көпқабатты үйдің балконынан оқ атқан жігіт ұсталды

    Тапанша ұстаған ер адам
    Тапанша ұстаған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

    Алматылық полицейлер көпқабатты үйдің балконынан оқ атқан жігітті ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Бұған дейін желіде жігіттің тапаншаны оқтап, көпқабатты үйдің балконынан далаға екі рет оқ атқан сәті бейнеленген кадрлар пайда болған еді.

    Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқ атқан жігіт ұсталған.

    "Алматы криминалдық полициясының қызметкерлері әлеуметтік желідегі дабыл бойынша жедел әрекет етіп, тұрғын үй кешендерінің бірінің балконынан аспанға екі рет оқ атқан 2000 жылы туған Х. есімді азаматты ұстады. Оның Атырау облысының тұрғыны екені анықталды.

    Одан үш патроны бар RETAY PT24 сигналдық тапаншасы тәркіленді", - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

    Ұсталған азаматтың әрекетіне құқықтық баға берілген. Оған қатысты келесі құқық бұзушылықтар бойынша хаттамалар толтырылған:

    • Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 485-бабы (Қаруды заңсыз қолдану). Айыппұл – 20 АЕК (69 мың теңге);
    • 437-бабы (Тыныштықты бұзу). Айыппұл – 5 АЕК (17 250 теңге);
    • 492-бабы (Тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру). Айыппұл – 7 АЕК (24 150 теңге).
    Алматыда көпқабатты үйдің балконынан оқ атқан жігіт ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.