jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    АҚШ-тың әскери ұшағы жаттығу кезінде апатқа ұшырады: бес адам қаза тапты

    Әскери ұшақ
    Әскери ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

    АҚШ-тың әскери ұшағы Жерорта теңізінің шығысында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында бес адам болған, барлығы қаза тапты, деп хабарлайды CNN арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Телеарна мәлеметінше, апат жұмада кешкі уақытта болған. Бұл туралы АҚШ-тың Еуропа қолбасшылығының өкілдері хабарлады. Бірақ олар апаттың себептері туралы мәлімет бермеді.

    Оқыс оқиға әскери жаттығу болып жатқанда жанармай құю кезінде болғаны айтылады.

    "Тікұшақ бортындағы бес әскери қызметкердің барлығы қаза тапты", - делінген хабарламада.

    Телеарна тілшілері берген мәлімет бойынша іздестіру-құтқару жұмыстары апаттан кейін бірден басталған. Нақты не болғаны әлі тескеріліп жатыр.

    АҚШ президенті Джо Байден мен елдің қорғаныс министрі көңіл айтты.

    АҚШ-тың әскери ұшағы жаттығу кезінде апатқа ұшырады: бес адам қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.