jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматыда 13 адам өрттен көз жұмған хостелдің егесі ұсталды

    Алматыдағы өрт шыққан хостел
    Алматыдағы өрт шыққан хостел. 2023 жыл, 30 қараша. Фото: KAZ.NUR.KZ/Ардақ Құлтай

    Арнайы прокурорлар "Алматы-Хостел" ғимаратындағы өрт оқиғасы бойынша қылмыстық істі тергеуге кірісті. Мекемені жалға беруші қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап.

    "30 қараша күні "Алматы Хостел" ғимаратындағы өрт оқиғасына байланысты қылмыстық кодекстің абайсызда екі не одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, яғни, 292-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

    Бас Прокурордың тапсырмасына сәйкес қылмыстық іс арнайы прокурордың іс жүргізу өндірісіне қабылданды. Құқық қорғау органдарының тәжірибелі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Өрттің шығу себебі мен алғышарттарын анықтау мақсатында оқиға орнына қарап-тексеру жүргізіліп, сараптамалар тағайындалып, өзге де жедел-тергеу іс шаралары ұйымдастырылуда", - деп хабарлады бас прокуратура өз мәлімдемесінде.

    Сонымен қатар бас прокуратура аталмыш хостелді жалға беруші азаматты ұстап, уақытша ұстау изоляторына оқшауландырған.

    "Сол күні осы қылмысты жасады деген күдікпен хостелді жалға беруші Мухамедъяров А.  прокурорлармен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды.

    Тергеу аясында хостелдің қызмет көрсетуіне қатысы болған барлық тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Қылмыстық іс тергеуі бас прокурордың бақылауында", - деп мәлім етті ведомства өз мәлімдемесінде.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.