jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Екібастұз ЖЭО-да тағы бір төтенше жағдай болды

    Жұмысшылар Екібастұз ЖЭО-дағы ақауды жойып жатыр
    Жұмысшылар Екібастұз ЖЭО-дағы ақауды жойып жатыр. Фото: instagram.com/ete_ekb

    Екібастұз ЖЭО-да күл құбырының зақымданғаны анықталды. Ақау таңғы 05.30-да жойылған. Ыстық резервтегі екі энергетикалық қазандық агрегаты іске қосылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Экибастузтеплоэнерго" ЖШС Instagram-да жариялаған хабарына қарағанда, ақаудан су жылыту қазандықтарының сорғы бөлмесін су басқан. Екібастұз қалалық ТЖ басқармасы мен ЕЖЭС персоналы суды сору жұмысын жүргізіп жатыр.

    Сонымен қатар, сорғы станциясын іске қосу үшін қосымша қозғалтқыш әзірленген. Қазіргі уақытта станцияда 7 қазандық агрегаты жұмыс істейді (Nº 5, 6, 7, 9, 11, 13, 14), оның ішінде су жылыту цехінің қазандығы белгілі бір аралықта мазутпен жұмыс істейді.

    "Жеткізу температурасы 70 градус, гидравликалық қысым бекітілген режим аясында қамтамасыз етілген: жеткізілімде 9 кг және қайтарымда 1,5 кг. Алдағы уақытта багерлік сорғыны іске қосу жұмыстары аяқталады, содан кейін кестеге сәйкес көмірмен су жылыту қазандықтарының стандарт жұмысы қамтамасыз етіледі", - делінген компания хабарында.

    Екібастұз ЖЭО-да тағы бір төтенше жағдай болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.