jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматыда өртенген үйден бір отбасының бес адамы құтқарылды

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Фото: ТЖМ ресми сайты

    Алматыда желтоқсанның 11-і тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты. Өртсөндірушілер бес адамнан тұратын отбасыны құтқарды, деп хабарлайды ТЖМ ресми сайты.

    Ведомство ақпараты бойынша, биыл желтоқсанның 11-і сағат 03:03-те Алматы қаласы ТЖД пультіне Наурызбай ауданы Таусамалы ықшамауданында орналасқан Сәдуақасұлы көшесі 125 үй мекенжайынан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

    "Аға инженер, кезекші ауысымның басшысы, азаматтық қорғау капитаны Ж. Әкетай өтініш берушімен байланысып, жеке тұрғын үйдің ашық отпен жанып жатқаны туралы ақпарат алды. Өрт орнына келгеннен кейін өрт сөндіру басшысы үйде адамдардың болуына барлау жүргізу, сондай-ақ өртті сөндіруге оқпандарды бере отырып, өртке қарсы іс-әрекет өрістету туралы бұйрық берді.

    Барлау жүргізу барысында бөлімше командирі Ш. Таипов, аға өрт сөндіруші Ж. Мамыт адамдарды тапты, олар шок күйінде болған", – делінген ведомство хабарламасында.

    ТЖ кезінде ер адам, әйел, жас жігіт пен екі қыз құтқарылған. Өрт 03:24-те оқшауланды, ал 3:40-та толық сөндірілген.

    Сондай-ақ, ведомство өкілдерінің дерегінше, үйлесімді жедел іс-қимылдардың нәтижесінде өртсөндірушілер тұрғын үйдің бөлмелеріне оттың таралуын тоқтатып, өртті сөндіру жұмыстары кезінде су шашу салдарынан туындаған материалдық залал барынша азайтылған.

    Алматыда өртенген үйден бір отбасының бес адамы құтқарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.