jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Қостанайда полицейлер мұз астынан екі адамды алып шықты (видео)

    Еріп жатқан мұз
    Еріп жатқан мұз. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қостанайда екі ер адам Шортанды өзені арқылы жолды кесіп өтпек болған. Мұз жарылып, 31 және 51 жастағы екі адам суға түсіп кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Төрт полиция қызметкері оқиға орнына 4 минут ішінде жеткен.

    Полиция мәліметіне сүйенсек, құтқару кезінде құтқару тростары мен жилеттер пайдаланылды.

    "Тәртіп сақшыларына тез әрекет ету керек болды. Патрульдік полицейлер Нұрлан Шукманов пен Руслан Кужахметов мұз үстімен жорғалап, тереңдігі шамамен 6 метрлік суға секірді. Олар ер адамдарды тез арада жоғарыға қарай итеріп, қалған екі полиция қызметкері кезек-кезек барлығын судан жағаға шығарған тросты ұстап тұрды", - деп мәлім етті полиция өз хабарламасында.

    Ер адамдарды жедел жәрдем алып кеткен. Қазір олардың жағдайы тұрақты, дәрігерлер бақылауында.

    Қостанайда полицейлер мұз астынан екі адамды алып шықты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.