jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты (видео)

    Астанадағы өрт шыққан үй балконындағы тұрғындар
    Астанадағы өрт шыққан үй балконындағы тұрғындар. Фото: instagram.com/astana_brothers

    Бүгін Астанадағы "Будапешт" тұрғын үй кешенінің 10-қабатынан өрт шықты. Өрт сөндірілді, алайда өртсөндірушілердің жұмысына ауладағы көліктер кедергі болған, деп хабарлайды елордалық ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Оқиғаның видеосы astana_brothers Instagram-паблигінде жарияланды. Оның кадрларынан балконға шығып тұрған тұрғындарды көруге болады, сосын сол жерге өртсөндірушілер барады. Тұрғын үйден қара түтін шыққаны да көрсетіледі.

    Сондай-ақ кадрлардан үй алдындағы аулада өртсөндіру техникасы көліктердің кесірінен оқиға орнына өте алмай тұрғанын көруге болады.

    Оқиғаның жай-жапсарын елордалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. Сол мәлімет бойынша, бүгін, 9 қаңтарда сағат 09:58-де Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Қабанбай батыр даңғылы, 59 мекенжайындағы пәтердегі өрт туралы келіп түскен хабарламаға аттанған.

    "Өртсөндірушілер келгеннен кейін "Будапешт" тұрғын үй кешенінің 10-қабатындағы пәтерде асүй бөлмесінде жиһаз бен үй заттары жанғаны анықталды. Өртті сөндіру барысында елордалық өртсөндірушілер көрші пәтерден 7 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарды. Өрт 10.32-де оқшауланып, 10.35-те жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

    Өртті сөндіруге жеке құрамның 28 адамы және 7 техникасы жұмылдырылды. Ведомство өкілдері өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген сәтте арнайы техникаға автокөліктер кедергі келтіргенін атап өтті.

    "Осыған байланысты, құрметті автокөлік иелері, Астана қаласының ТЖД автокөліктерді кірме жолдарда қалдырмауға, тұрақ үшін орын таңдағанда арнайы техниканың өтуі үшін бос орын қалдыруды ұмытпаңыздар, өйткені тұрақта тұрған автокөлік өрт болған жағдайда арнайы техниканың өтуіне және жұмысына кедергі келтіреді. Есіңізде болсын, әр секунд, минут біреудің өмірін сақтап, мүлкін сақтай алады", - деп қосты ТЖД өкілдері.

    Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.