jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    "Ұшақтағыларды қайтадан тексерді": Астана-Алматы рейсінен қаруы бар жолаушы шығарылған

    Астана халықаралық әуежайы
    Астана халықаралық әуежайы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    11 қаңтарда елордадан Алматыға қарай ұшатын рейстен барлық жолаушы шығарылып, бір адамды полциия қызметкерлері алып кеткен. Мұндай жағдайға не себеп болғаны анықталды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бұған дейін KAZ.NUR.KZ редакциясына оқырмандардың бірі Астанадан Алматыға ұшатын ұшақтан бір адамды полиция алып кеткенін, басқа жолаушыларды қайтадан тексерістен өткізгенін хабарлаған.

    "Біреуін көрдім, екеу болды деп айтты, бірақ мен көрмедім. Ұшақтағылардың бәрін қайтадан тексеруге жіберді. Рейстен түсірілген адамда Ресей Федерациясының құжаты болды. Ұшақты қарау үшін иттер мен кинологтар келді. Біз бәріміз затымызбен шықтық", - деді біздің тілшімізге куәгерлердің бірі.

    Оқиғаға байланысты рейс аз уақытқа кейінге шегерілген.

    Көліктегі полиция департаменті әуежайда болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

    "Биыл 11 қаңтарда Астана әуежайында желілік полиция басқармасының қызметкерлері заңсыз қару сақтады деген күдікпен Астана-Алматы рейсінің жолаушысын ұстады. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

    Ведомство өкілдері Қылмыстық-процесуалдық кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын атап өтті.

    "Ұшақтағыларды қайтадан тексерді": Астана-Алматы рейсінен қаруы бар жолаушы шығарылған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.