jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Жетісу облысындағы қарлы боран кезінде екі күнде 39 адам эвакуацияланды (видео)

    Қарлы боран кезінде жолда қалған автокөліктерді эвакуациялау сәті
    Жолда қалған автокөліктерді эвакуациялау сәті. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

    12-13 қаңтар аралығында Жетісу облысындағы қар құрсауынан 39 адам құтқарылып, эвакуацияланды, деп хабарлайды ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасы.

    Ведомство ақпараты бойынша, 12-13 қаңтарда ауа райы қолайсыздығына, жолдың көріну деңгейі нашарлығына байланысты республикалық маңызы бар "Үшарал-Достық" автожолында қарлы боран кезінде 49 автокөлік, оның ішінде 42 жүк көлігі қар құрсауында қалған.

    "ТЖД күштерімен қар құрсауынан Достық және Көктума станциясына 39 адам, оның ішінде 15 Беларусь Республикасының азаматы құтқарылды.

    15 жүргізуші эвакуациядан бас тартып өз автокөліктерінде қалды. Жүргізушілердің айтуынша, оларда апталық ЖЖМ және азық-түлік қоры болған", – делінген хабарламада.

    ТЖМ өкілдері дауылдық ескертулер жайлы хабарламаны назардан тыс қалдырмауға әрі алыс сапарға шығар алдын қауіпсіздік шаралардың барлығын сақтауға шақырады.

    Жетісу облысындағы қарлы боран кезінде екі күнде 39 адам эвакуацияланды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.