jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда жер сілкінісінен кейін 200-ге жуық ғимаратта жарықшақ пайда болған

    Жер сілкінісі кезінде далаға шыққан алматылықтар
    Жер сілкінісінен кейін далаға шыққан тұрғындар. Көрнекі фото: NUR.KZ

    Алматыда қаңтар айында болған жер сілкінісінен кейін 200-ге жуық ғимараттың қабырғасында жарықшақтар пайда болған. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин айтты, деп хабарлайды КТК арнасы.

    Арна мәліметіне сүйенсек, жалпы 5 балл жер дүмпуінен кейін 188 тұрғыннан баспанасының зақымданғаны жөнінде хабар түскен. Оның 70-і — көп қабатты үй.

    КТК арнасының мәліметіне сүйенсек, қазір арнайы жұмыс тобы бұл нысандарды жан-жақты сараптамадан өткізіп жатыр. Апатты жағдайдағы немесе жөндеу жұмыстарын қажет ететін ақпарат жақын арада жарияланады. Әлеуметтік нысандар мемлекет қаржысына жөнделеді.

    "Еш қауіп төніп тұрған жоқ. Ол жерде кәдімгі жырақтар, оны кезекті жөндеу кезінде қалпына келтіруге болады. Мен сіздің назарыңызды аударғым келетін жалғыз нәрсе — біріншіден, кондоминиум нысаны болып табылатын барлық жеке көпқабатты тұрғын үй кешендері өз қаражатымен жөнделуі тиіс. Қалған әлеуметтік нысандар белгіленген тәртіппен, мемлекет есебінен жөнделеді", - деді Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин.

    Алматыда жер сілкінісінен кейін 200-ге жуық ғимаратта жарықшақ пайда болған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.