jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Әкім Алматыдағы лай көшкіні неден болуы мүмкін екенін айтты

    Еркебұлан Оразалин
    Еркебұлан Оразалин: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

    Алматыда лай көшкіні болған аумақтың жартысы тазаланды. Тазалау жұмыстарының негізгі жолдары анықталды. Бұл туралы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Алдағы екі сағатта аумақты тазарту жұмыстарын аяқтап, лай көшкіні кезінде қираған ғимаратта тағы басқа адамдар бар-жоғын анықтаймыз. Оған қоса таңертең таудың жоғары жағын тексердік. Себебі түнгі уақытта дұрыс көрінбейді. Түске дейін қалған топырақты түсіретміз", - деді Еркебұлан Оразалин.

    Арнайы комиссия кешке дейін лай көшкіні себебін анықтайды.

    "Лай көшкінінің бірнеше негізгі себебі бар. Бұл шаруашылық тәсілмен салынған су құбырымен қатар үстінен орынсыз шығарылған нөсер құбыры да болуы мүмкін. Оған қоса үстінде тұрған үйлер де айтарлықтай қысым жасайды. Олардың заңды я заңсыз салынғаны да тексеріледі", - деді әкім.

    Еске сала кетейік, бүгін түнде Медеу ауданында лай көшкіні жүріп, екі үйге зақым келген. Оқиға орнына құтқарушылар мен төтенше жағдайлар қызметінің басшылығы келді.

    Кейін Төтенше жағдайлар министрлігіндегілер алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде үйде төрт адам болғанын, олардың екеуі бала екенін, құтқарушылар оларды іздеп жатқанын айтты. Сондай-ақ төтенше жағдайға байланысты Досаев бүгінге жоспарланған халықпен кездесуін кейінге қалдырғаны белгілі болды.

    Сондай-ақ оқиға орнынан бір адам өлі табылды деген ақпарат тарады. Кейін бұл мәліметті Төтенше жағдайлар департаментіндегілер де растады.

    Әкім Алматыдағы лай көшкіні неден болуы мүмкін екенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.