jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Астанадағы жоғары оқу орындарының бірінде шатырды жел ұшырып әкетті (фото)

    Қираған шатыр
    Қираған шатыр. Фото: instagram.com/astana_brothers

    Кеше, 8 ақпанда Астанада қатты жел салдарынан Қазақ агротехникалық университеті ғимаратының шатыры ұшып кеткен. Оқу орнының баспасөз қызметі бұл ғимаратты жөндеу жұмыстары көктемде басталады деп жоспарланғанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Instagram желісіндегі astana_brothers паблигінде ҚазАТЗУ ғимараттары бірінде шатыр қирап қалғаны түсірілген фотолар пайда болды.

    Кадрлардан ғимарат шатырының бір бөлігі жоқ екені көрінеді.

    Елордалық төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі мәліметінше, қызметкерлер 8 ақпанда сағат 16:40-та Әлия Молдағұлова көшесі, 27 мекенжайына жеткен.

    "Екпінді желдің салдарынан Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің екі қабатты ғимаратының төбесі алдын ала алынған мәлімет бойынша 15 шаршы метр аумақта жартылай қираған", - делінген хабарламада.

    Оқиға орнына Астана қалалық ТЖД жеке құрамының 6 адамы мен 2 техникасы шыққан. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

    Бұл оқиғаға қатысты университеттің баспасөз қызметі де түсінік берді. Шатыры ұшып кеткен ғимаратта агрономия факультеті орналасқан.

    "Төбесіне зақым келген ғимарат 1931 жылы салынған, ал кейінгі қалпына келтіру жұмыстары 1957 жылы жүргізілген.

    2023 жылы жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, сараптамадан өткенін хабарлаймыз. Ал биыл көктемде бұл ғимараттың шатырын күрделі жөндеу жоспарланған болатын", - дейді университет өкілдері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.