jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Семейдегі аспалы көпір суықтан жарылып кетті

    Семейдегі аспалы көпірдегі саңылау
    Семей көпіріндегі жарық. Видеодан кадр: t.me/abainewskz

    Семейде аспалы көпірдің деформациялық жігінің орнында жарықтар пайда болды – мамандар бұған күннің суықтығы себеп болды деген қорытындыға келді, деп хабарлайды Abai News.

    Ертіс арқылы өтетін аспалы көпірдегі саңылау бейнеленген фотосурет жергілікті тұрғындарды алаңдатып отыр. Шенеуніктер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

    Абай облыстық полиция департаменті бұған қатысты пікір білдірді.

    "Полиция қызметкерлері өз құзыреті шегінде көпірдің жай-күйіне визуалды тексеріс жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша әкімдікке деформациялық жікті мұздан тазарту қажеттігі туралы ұйғарым жіберілді. Деформациялық жіктің ашылып кетуіне ауа температурасының төмендеуі себеп болған", - деп хабарлады ведомстводан.

    Сондай-ақ Семей қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мән-жайды баяндап берді.

    "16 ақпанда ауа температурасы -29 градус болған кезде Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері аспалы көпірдегі деформациялық жіктер мен көпірдің көзге көрінетін тіректерінің құрылымдарын визуалды тексерді. Нәтижесінде деформациялық жік қырларының арасынан №1 тіректен 70 мм-дей және №10 тіректен 60 мм-дей саңылау анықталды. Көпірдің тірегінің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды, көпірдің құлау қаупі анықталған жоқ", - деді олар.

    Ведомство өкілдері төмен температура кезінде мамандар көпірді тәулік бойы бақылайтынын хабарлады.

    Айта кетейік, "Қазгидромет" РМК мәліметінше, бүгін күндіз Семейде ауа температурасы -36 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Ертең және ертең түнде ауа температурасы -37...-38 градусқа дейін жетеді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram