jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Түркістан облысында полицейлер жас жігіттің өмірін сақтап қалды (видео)

    Учаскелік полиция инспекторлары
    Учаскелік полиция инспекторлары. Фото: t.me/turkistan_polisia

    Түркістан облысы Бәйдібек ауданының учаскелік полиция инспекторлары 19 жастағы тұрғынды құтқарып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық полицияның Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Түркістан облысы Бәйдібек ауданының учаскелік полиция инспекторлары түнгі кезекшілігін аяқтап, үйіне қайтып бара жатқанда жергілікті тұрғын қоңырау шалады. Әйел адам үйінде қалған 19 жастағы ұлымен байланыса алмай отырғанын айтып, көмек сұрайды. 

    Тәртіп сақшылары тез арада оқиға орнына жетіп, пәтер есігін қағып, оған қоңырау соққан. Үйдің ішінен ұялы телефонның шырылы естілгенімен ешкім жауап бермеген.

    Сақшылар іште адам барын түсініп, есікті күшпен ашады. Үйге кіріп ес-түссіз жатқан жігітті жедел түрде қызметтік көлікпен орталық ауруханаға жеткізді. Белгілі болғандай, желдің салдарынан газ жүйесіне ақау келіп көгілдір отын иісі үйге тараған.

    Қазіргі таңда зардап шеккен жігіттің жағдайы тұрақты және дәрігерлер бақылауында.

    Түркістан облысында полицейлер жас жігіттің өмірін сақтап қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.