jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыдағы жылу трассасында ақау анықталды (видео)

    Алматыдағы жарылған жылу трассасы
    Алматыдағы жарылған жылу трассасы. Видеодан үзінді: instagram.com/almatinec_life

    Бүгін Алматыда Әуезов ауданындағы жекеменшік жылу трассасында ақау анықталды. Алайда бұл тұрғындарды жылумен әрі сумен қамтамасыз етуге әсер еткен жоқ, деп хабарлайды Алматы әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қала әкімдігінің ақпараты бойынша, жылу трассасындағы ақау Жандосов – Алтынсарин көшелерінің қиылысындағы ведомстволық (жеке) жылу трассасы учаскелерінің бірінде анықталған.

    "Жылу трассасындағы ақаудан кейін салқындатқыш сұйықтық магистральдық құбырға түсіп, Алтынсарин көшесі мен Абай даңғылының қиылысында төселген топырақты шайып жіберген", – делінген әкімдік хабарламасында.

    Қазір "Алматы жылу желілері" ЖШС қызметкерлері топырақ шөгілген жерде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

    "Тұтынушыларды жылумен, ыстық сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр", – деп қосты әкімдік өкілдері.

    Алматыдағы жылу трассасында ақау анықталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.