jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Балшыққа батып қалған: Ұлытау облысындағы тасжолда 300-ден астам адам эвакуацияланды (видео)

    Жезқазған-Қызылорда тасжолындағы балшыққа тығылып тұрған көліктер
    Жезқазған-Қызылорда тасжолындағы балшыққа тығылып тұрған көліктер. Видеодан кадр: instagram.com/etozhez

    Ұлытау облысы аумағындағы Жезқазған – Қызылорда тасжолында 20-ға жуық жеңіл көлік пен бір автобус батпаққа батып қалды. Құтқарушылар 350-ге жуық адамды эвакуациялады, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Instagram желісіндегі etozhez парақшасында ондаған көліктің балшыққа тығылып, жүре алмай тұрған видеосы жарияланды.

    Жазба авторлары видео Жезқазған – Қызылорда тас жолында түсірілгенін нақтылаған.

    Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 9 наурыз сағат 23:45-те 112-ге Жезқазған – Қызылорда тасжолында Жезқазған қаласынан 180 шақырым жерде 20-ға жуық жеңіл көлік пен ересектер мен балалар мінген автобус балшыққа батып қалғаны туралы хабарлама түскен.

    Оқиға орнына Ұлытау облысы ТЖД және Қазавтожолдың 6 адамы мен 2 техникасы шықты.

    "Сағат 11:40-та 75 техника сүйреп шығарылды және 300-350 ге жуық адам, оның ішінде 22 бала эвакуацияланды", - делінген хабарламада.

    "ҚавАвтоЖол" өкілдері автожолдағы қиындық күн райының күрт жылынуы салдарынан туындағанын атап өтті.

    "Жезқазған – Қызылорда тасжолының Ұлытау облысы аумағындағы бөлігін қайта жөндеу бойынша қазіргі таңда ҚР Көлік министрлігі тарапынан конкурстық рәсімдер өтіп жатқанын, жол жөндеу жұмыстары биыл басталатынын еске саламыз", - делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.

    Балшыққа батып қалған: Ұлытау облысындағы тасжолда 300-ден астам адам эвакуацияланды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram