jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Ресейде Ил-76 әскери ұшағы апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар

    Ұшақ апаты
    Ұшақ апаты. Фото: t.me/ivanovonewsBars

    Ресейдің Иваново облысының тұрғындары әлеуметтік желіде қала үстінде өртеніп бара жатқан ұшақтың суретін жариялады. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Иваново облысының тұрғындары қозғалтқышы жанып жатқан ұшақ түсірілген кадрларды жариялады.

    "Біздің редакторларымыздың қолында Солтүстік аэродром маңында түсірілген видео ба

    Онда ұшып бара жатқан ұшақтың қозғалтқышы өртеніп, әуе көлігі төмендеп, қонғаны көрсетілген. Қара түтіннің шоқтары көрініп тұр, ақпарат нақтылануда", — делінген IvanovoNews Bars Telegram арнасының хабарламасында.

    Ресей қорғаныс министрлігі Иваново облысында Ил-76 әскери ұшағы ұшу кезінде құлағанын хабарлады. Бортта сегіз экипаж мүшесі мен жеті жолаушы болған.

    Апатқа әуеге көтерілу кезінде қозғалтқыштардың бірінде өрт шығуы себеп болған. Иваново аэродромына Ресей Аэроғарыш күштері Бас қолбасшылығының комиссиясы ұшып кеткен.

    Mash Telegram арнасының хабарлауынша, апатқа ұшыраған ұшақта болған 15 адам түгел қаза тапқан.

    Ресейде Ил-76 әскери ұшағы апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.