Астана орталығында цехтан өрт шықты (фото)
Опубликовано:
Астанадағы авто терезе жасау және орнату бойынша екі қабатты ғимарат цехынан өрт шыққан. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Бүгін сағат 12-53-те Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Республика даңғылында цехта қосымша ғимараттың жанып жатқаны туралы келіп түскен хабарламаға шықты", - делінген хабарда.
Өртсөндірушілердің келіп жетіп, авто терезе жасау және орнату бойынша екі қабатты цех ғимараты ашық жалынмен жанып жатқанын анықтаған.
Қазіргі уақытта өртсөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2067630-astana-ortalygynda-cextan-ort-syqty-foto/