jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Талғар маңындағы ауылда трансформатор өртенді: біраз тұрғын үй жарықсыз қалды (видео)

    Қосалқы станциядағы өрт
    Жанып жатқан трансформатор. Видеодан кадр: instagram/krispi_almaty_

    Алматы облысының Талғар ауданында трансформатордың қысқа тұйықталуы салдарынан қосалқы станция жанған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның мәліметінше, Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне шақырту сағат 19:20-да түскен. Талғар ауданының Шымбұлақ ауылында қосалқы станцияның жанғаны туралы хабарланған.

    "Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткеннен кейін трансформатордың өртсіз қысқа тұйықталғаны анықталды. Зардап шеккендер жоқ", – делінген хабарламада.

    Шақырту орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері мен 2 техникасы жіберілген.

    Бұл оқиғаға Алматы облысының әкімдігі де түсініктеме берді.

    "Ауа райының нашарлауына байланысты кейбір елді мекендерде электр қуаты жаппай сөніп қалды. Басқарма қалпына келтіру жұмыстарына мониторинг жүргізіп, бақылауда.

    Аудандар мен Қонаев қаласының әкімдіктері кезекшілік ұйымдастырды, энергия жеткізуші ұйымның барлық авариялық-қалпына келтіру жасақтары жұмылдырылды. "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр", – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Әкімдік өкілдері толық ақпарат кейінірек берілетінін атап өтті.

    Талғар маңындағы ауылда трансформатор өртенді: біраз тұрғын үй жарықсыз қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.