jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Көкшетауда да төтенше жағдай жарияланды

    Көкшетаудағы эвакуациялау жұмыстары
    Көкшетаудағы эвакуациялау жұмыстары. Фото: Көкшетау қаласының әкімдігі

    Көкшетауда жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Ақмола облысы әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомство мәліметінше, Қылшақты өзеніндегі су деңгейінің қалыптан тыс көтерілуінен болған күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Көкшетау қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған.

    Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса халыққа үндеуінде жағдайды тұрақтандыру үшін осындай шешім қабылданғанын айтқан.

    "ТЖ шеңберінде барлық шығын бағаланып, оларды өтеу жөніндегі мәселелерді комиссия шешеді. ТЖ салдарын жою жөніндегі штаб құрылды, су басу аймағында тұратын тұрғындарды эвакуациялау жүргізіліп жатыр.

    29 наурыздағы жағдай бойынша жүзге жуық адам алдын ала дайындалған орындарға орналастырылды. Зардап шеккен барлық жандарға қажетті көмек көрсетіледі. Жерлестеріме жағдайды түсінгендері және су тасқынына қарсы күресте қолдан келгенше көмек көрсеткендері үшін алғысымды білдіремін", - делінген қала әкімінің үндеуінде.

    Айта кетейік, бүгін Қылшақты өзеніндегі судың арнасынан асуының салдарынан Көкшетау қаласындағы 16 жеке үй, 29 жеке аула аумағы және 12 көп қабатты тұрғын үй ауласы, сондай-ақ "Ертөстік" балабақшасының бірінші қабаты су астында қалған.    

    Әкімдік өкілдері зардап шеккен барлық адамнан 8 775 666 99 08 (Whatsapp) нөміріне хабарласуды сұрайды.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Орал, Ақтөбе, Арқалық қалаларында және Қостанай мен Ақтөбе облыстарының бірнеше ауданында су тасқынына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған еді.

    Көкшетауда да төтенше жағдай жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.