jitsu gif
Оқыс оқиға

    Жамбыл облысында жер сілкінісі сезілді

    Жамбыл облысы әкімдігінің ғимараты
    Жамбыл облысы әкімдігінің ғимараты. Фото: gov.kz

    Жамбыл облысы Мерке қаласында 2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі сағат 11:14-те жер сілкінісін тіркеді.

    Эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан батысқа қарай 308 км жерде орналасқан.

    Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.2. MPV магнитудасы 5.3. Эпицентрдің координаттары 42.77° С. Е. 73.18° Ш. Б. тереңдігі 25 км.

    Жер асты дүмпуі Жамбыл облысының Мерке қаласында 2 балл болып сезілді.

    "Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ. Мониторинг жүргізілуде", - делінген хабарда.

    Жамбыл облысында жер сілкінісі сезілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.