jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандағы су тасқыны туралы жаңа мәлімет: қанша адам эвакуацияланды

    Су сорғыту жұмыстары
    Су сорғыту жұмыстары. Фото: ТЖМ

    ТЖМ өкілдері су тасқыны жағдайы туралы 16:00-дегі ақпаратты жариялады. Оған сәйкес, апат-құтқару жұмыстарына 10 413 адам тартылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстарында 10 413-нан аса адам, 3743 техника және ТЖМ, Қорғаныс минстрірлігінен және Ұлттық Ұланнан 14 әуе кемесі жұмылдырылды.

    Республикалық жедел штабтың бақылауында 8 өңір: Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс-Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау және Абай облыстары", - делінген хабарда.

    Су тасқыны басталғалы бері Азаматтық қорғаныс қызметтері 14 251 адамды, оның ішінде 5 538 баланы қауіпсіз жерлерге жеткізді. Уақытша қоныстану тіректеріне 5 848 адам, оның ішінде 2222 бала құтқарылды және эвакуацияланған.

    Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс мининистрлігі және Ұлттық ұланның әуе кемелері 1655 адамды, оның ішінде 425 баланы құтқарды.

    ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 4,6 миллионнан астам текше метр еріген су сорылды, 370 мыңнан астам қапшық және 728 мың тонна инертті материал төселген.

    Қазақстандағы су тасқыны туралы жаңа мәлімет: қанша адам эвакуацияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.