jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Эвакуацияға дайын болуы керек": қостанайлықтарға ескерту айтылды

    Қостанай облысындағы су тасқыны
    Қостанай облысындағы су тасқыны. Фото: Қостанай облысы әкімдігі

    Қостанайдағы су тасқынына қарсы жедел штаб қала тұрғындарына эвакуация болуы мүмкін екенін ескертті. Қазіргі таңда Тобыл өзенінде су деңгейінің көтерілуі байқалады, деп хабарлайды "Костанайские новости" басылымы.

    Әкімдікке сілтеме жасаған басылым мәліметінше, өзендегі су деңгейі күн сайын көтеріліп жатыр.

    Ведомство мәліметінше, өзендегі су деңгейі күрт көтерілген жағдайда Колесный ряд ауданын (Пионерская, Красный Кузнец, Тобольская, Юный Боец, Дачная көшелері) су басу қаупі бар.

    Сонымен қатар өзен жағасында орналасқан кәсіпкерлік нысандарды су басу қаупі бар, олар "Апельсин" сауда орталығы, "Ақ шаңырақ" мейрамханасы, "Гранат" мейрамханасы және "Мохито" демалыс орталығы.

    "Осыған байланысты саяжай тұрғындары эвакуацияға дайын болуы керек және үлкен кісілер мен қозғалысы шектеулі адамдар мен балаларды назардан тыс қалдырмау керек. Жеке құжаттар, ақша және басқа да керек заттарды алдын ала дайындауды ұсынамыз.

    Тұрғындардан үрейленбеуді, Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарына сәйкес әрекет етуді сұраймыз", - делінген әкімдік хабарламасында.

    Ведомство өкілдері қажет болған жағдайда тұрғындарға 112 немесе 109 телефон нөмірлеріне хабарласу керегін айтты.

    "Эвакуацияға дайын болуы керек": қостанайлықтарға ескерту айтылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.