jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында ауылды су басты (видео)

    Алматы облысы Жібек жолы ауылында су басқан көшелер
    Алматы облысы Жібек жолы ауылында су басқан көшелер. Видеодан кадр: instagram.com/kaskelenkz

    Алматы облысы Жібек жолы ауылындағы кей көшелерді су басты. Желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар пайда болды. Облыс әкімдігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін желіде Жібек жолы ауылының көшелерін су басқаны көрсетілген кадрлар тарады. Видео сипаттамасында видеоның түнде түсірілгені жазылған. Су жол бойымен ағып, кей көшелерде үлкен шалшық болып тұрып қалған.

    "Осы үшін арық жүйесі ойлап табылған", - деп жазды желі қолданушыларының бірі.

    Жағдайға қатысты Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері пікір блдірді. Олар су басуды жою бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

    "Қарасай ауданы әкімдігінің аппараты Жібек жолы ауылындағы Қарасу, Ақдала, Ақсу, Ақ Жазық, Көкқайнар, Бөгенбай батыр, Баласаз, Жиделі көшелерінде арық қазып, арнайы техникамен су сору жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр, себебі сол жерлерде су жиналған", - делінген ведомство хабарламасында.

    Ведомство өкілдері қазіргі уақытта ұзындығы төрт километрден асатын арық қазылғанын атап өтті.

    "Жағдай бақылауда, тағы ақпарат беріледі. Зардап шеккендер жоқ", - деп қосты әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

    Алматы облысында ауылды су басты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.