jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    "Резеңке етік, сөмкелер, азық-түлік": Атырау облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетілді (видео)

    Атырау облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетілді
    Атырау облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетілді. Фото: t.me/qr_tjm

    Атырау облысы Жылыой ауданына республиканың түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмек келіп отыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Ведомство ақпараты бойынша, Жылыой ауданына республиканың түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмек келіп түсіп отыр. Оның ішінде резеңке етік, сөмкелер, азық-түлік және т.б. қажетті құралдар бар.

    "Келіп түскен барлық гуманитарлық көмек Құлсары қаласына, сондай-ақ эвакуацияланған адамдар орналасқан Теңіз вахталық қалашығына жіберілуде", – делінген хабарламада.

    Сондай-ақ ведомство мәліметіне сүйенсек, алдын ала болжам бойынша Құлсары қаласында 2810 тұрғын үй су астында қалды.

    Су тасқынының салдарын жоюға 231 бірлік техника, 1198 жеке құрам, 18 бірлік жүзу құралдары, 19 бірлік мотопомпа жұмылдырылған.

    Атырау облысы Құлсары қаласынан жалпы саны 33 641 адам көшірілді және 201 уақытша орналасу орындары дайындалды.

    Жалпы саны 84 қоңырау түсіп, 173 адам құтқарылды, оның ішінде 15 бала. 248 мал басы және 27 үй жануарлары қауіпсіз орындарға көшірілді.

    "Резеңке етік, сөмкелер, азық-түлік": Атырау облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетілді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.