Су тасқыны: республикалық маңызы бар 14 автожолда қозғалыс шектелді
Жарияланған күні:
Елдегі су тасқынына байланысты алты облыстағы республикалық маңызы бар 14 автожол қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "ҚазАвтоЖолдың" Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
"2024 жылғы 10 сәуірдегі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауарайының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Ақмола, СҚО, Атырау, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3655 метр болатын су тасқыны болды", - делінген хабарламада.
"ҚазАвтоЖол ҰҚ"АҚ мәліметінше, 6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 14 автомобиль жолдарында (ұзындығы 626 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 365 техника мен 701 адам жұмылдырылған.
- Ақтөбе облысы тұрғындары суға кеткен малды өртемесе, індет тарауы мүмкін деп алаңдайды
- Скляр үйінен кеткісі келмеген петропавлдықтарды мәжбүрлі түрде эвакуациялауды тапсырды
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2082041-su-tasqyny-respublikalyq-manyzy-bar-14-avtozolda-qozgalys-sekteldi/