jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Қарағанды облысында жолаушылар пойызы вагондарының бірі рельстен шығып кетті

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/railway_1520

    Кеше, 24 сәуірде Қарағанды облысында жолаушылар пойызының техникалық вагоны рельстен шығып кетті. Тәртіп сақшылары тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға туралы ақпарат Instagram-дағы railway_1520 парақшасында пайда болды.

    Басылым авторлары хабарлағандай, 24 сәуірде Қарағанды облысында Ағадыр мен Айса стансаларының арасында жолаушылар пойызы вагоны рельстен шығып кеткен.

    Көліктегі полиция департаментінің өкілдері Қарағанды облысында техникалық вагонның рельстен шығып кетуіне қатысты тергеу жүріп жатқанын атап өтті.

    "Қарағанды-Сортировочная" станциясының желілік полиция бөлімі жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - делінген хабарламада.

    Ведомсто әзірге басқа ақпарат жария етілмейтінін мәлім етті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.