jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Қырғызстанда жүк көлігі 29 баланы қағып кетті

    Жүк көлігі балаларды қағып кеткен сәт
    Жүк көлігі балаларды қағып кеткен сәт. Видео кадры:: "Sputnik Қырғызстан"

    Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Созақ ауданында балмұздақ таситын жүк көлігі 29 баланы қағып кеткен. Оқиғаны жергілікті "Кабар" агенттігіне Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері растаған.

    Оқиға 2 мамырда сағат 13:30-да болған. Ведомство мәліметінше, зардап шеккендер 9-дан 16 жасқа дейінгілер.

    Қазіргі уақытта ауруханаға 7 бала жатқызылған, олар жансақтау бөлімінде. Үшеуінің жағдайы ауыр деп бағаланған. Созақ аудандық ауруханасында 3 бала, жалпы дәрігерлік практикасы орталығына 8 бала жатқызылды. Олардың жағдайы орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағаланады.

    Төтенше жағдай орнында 11 балаға көмек көрсетілді, оларды амбулаториялық емдеуге жіберді.

    Денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев зардап шеккендерге көмек көрсету мәселесін жеке бақылауға алып, оларға сапалы медициналық көмек пен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді тапсырды.

    Kaktus.media оқиға орнында түсірілген видеоны жариялады. Ескерту: видеода қорқыныш туғызатын кадрлар бар.

    Қырғызстанда жүк көлігі 29 баланы қағып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.