jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Атырауда су тасқыны салдарынан бір ауыл халқы эвакуацияланды

    Жайық өзені
    Жайық өзені. Фото: primeminister.kz

    Атырау облысында су тасқыны қаупі сейілген жоқ. Бүгінгі күні Атырау қаласы және Индер, Махамбет аудандарының халқы тасқынмен күресіп жатыр. Мамырдың 13-інен 14-іне қараған түні су тасу қаупі күшейгендіктен Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл ауылы көшіріле бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Талдыкөл ауылы Атыраудан 32 км жерде орналасқан, елді мекенде 1000-ның үстінде үй бар. Ауыл тұрғындарының айтуынша, тасыған өзен суы толассыз қатты қарқынмен келіп жатыр.

    Үйлерді су басып қалу қаупі жоғары болғандықтан Махамбет аудандық ТЖ жөніндегі жедел штабының шешімімен тұрғындарды эвакуациялау басталды. Бірінші кезекте ауыр науқастар, қариялар, әйелдер және балалар қауіпсіз жерге көшірілуде. Халық құжаттар, ең қажет бұйымдарын алып үйлерін тастап кетіп жатыр.

    "Талдыкөл ауылының тұрғындарын эвакуациялау үшін 4 автобус, 2 газель, 30 қызметкер және полиция авткөліктері жұмылдырылды. Тұрғындар үшін Атырау қаласынан APEC жоғарғы колледжінен және Dana қонақ үйінен орындар дайындалды. Ауылда 1215 халық тұрады. Халық ерікті түрде көшіріліп жатыр. Ал ауылдың ер азаматтары суды күзетіп ауылды қорғаймыз деп қалып жатыр", - деп жауап берді Махамбет ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Алшынбек Мұқанғалиев.

    Әкімдіктің мәліметінше, ауыл ер азаматтарынан бөлек Жайық жағасында 107 ТЖ қызметкерлері, 28 әскерилер және 9 арнайы техника ауылды тасқыннан құтқарып қалуға атсалысып жатыр. 24 сағат бойына кезекшілік ұйымдастырылған.

    Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы иесіз қалған тұрғын үйлер бақылауға алынатынын айтты.

    "Ауылда полиция қызмет атқаруда. Тағы қосымша қызметкерлер бөлінеді", - деді ПД баспасөз қызметі.

    Авторы: Әйгерім Сайқын

    Атырауда су тасқыны салдарынан бір ауыл халқы эвакуацияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.