jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Су тасқыны: Құлсары тұрғындары әкімдік алдына жиналды

    Жұмабек Қаражанов
    Жұмабек Қаражанов. Фото: t.me/oper_shtab_atyrau

    Құлсары тұрғындары Жылыой ауданы әкімдігі ғимаратының алдына жиналған. Әкімдік жергілікті тұрғындарға су тасқынынан келтірілген залал үшін өтемақы төлеу процесі қалай іске асатынын түсіндірді, Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Жедел штабтың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, қазір ғимараттың алдына тасқыннан зардап шеккен Құлсары қаласының тұрғындары өтемақы төлеу мәселесі бойынша жиналған.

    Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов жиналғандарға өтемақы төлеу, жаңа тұрғын үй беру туралы ақпарат беріп отыр.

    "Жылыой ауданында су басқан 2 920 үйдің 2 906-сы судан тазартылды. Бүгінгі таңда 2 667 тұрғын үй техникалық зерттеуден өтті, 2 622 тұрғын үйге бағалау жүргізілді.

    Барлығы 3000-ға жуық өтініш түсті. Су тасқынынан зардап шеккен 3904 тұрғынға 100 пайыз біржолғы төлем аударылды", - делінген хабарламада.

    Сонымен қатар жедел штаб мәліметіне сүйенсек, 289 кәсіпкерге залалды өтеу бойынша кеңес берілді.

    Бүгін түстен кейін арнайы мамандар әр тұрғынның үйіне барып, кезең-кезеңімен техникалық зерделеу мен бағалау қорытындысын мәлімдейді.

    Су тасқыны: Құлсары тұрғындары әкімдік алдына жиналды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.