jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Ирандағы тікұшақ апаты: желіде төтенше жағдай орнында түсірілген видео жарияланды

    Апатқа ұшыраған тікұшақ
    Апатқа ұшыраған тікұшақ. Видеодан кадр: t.me/isna94

    Желіде Ирандағы тікұшақ апатынан қаза тапқандардың денесі тасымалданып жатқаны түсірілген видео пайда болды. Бұл туралы IRNA ақпарат агенттігінің X-тегі аккаунтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Иранның ақпарат агенттіктері мен журналистері Иран президенті Ибрахим Раиси мен өзге де үкімет өкілдері мінген тікұшақ құлаған жерден жаңа видео жариялады.

    IRNA ақпарат агенттігі X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жүктеген видеода марқұмдардың денесі тасымалданып жатқаны көрінеді.

    Сондай-ақ жергілікті БАҚ ақпараты бойынша, марқұмдардың денесін іздеу жұмыстары аяқталды. Қаза тапқандардың барлығының денесі апат орнынан Тебризге жеткізіледі. Бұл туралы Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамының (IRCS) басшысы Пир-Хосейн Куливанд мәлімдеді.

    "Тікұшақта болған барлық жолаушының денесі жедел жәрдемге жеткізіліп, Тебриз зиратына жеткізіледі", - деп жазады Tasnim агенттігі оның сөзіне сүйеніп.

    Ирандағы тікұшақ апаты: желіде төтенше жағдай орнында түсірілген видео жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram