jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Бүгін Алматыда сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді

    Алматы
    Алматы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Алматыда 21 мамырда сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері жер сілкінісі кезінде қалай әрекет ету керегін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

    "Жаттығу кезінде және одан тыс уақытта өзін қалай ұстау керегін айтуды жөн көрдік. Өйткені, біздің сүйікті қаламыз сейсмикалық аймақта. Әрбір азаматтың ТЖ кезіндегі және одан кейінгі іс-қимылдарға жеке дайындығы маңызды", - делінген хабарламада.

    Не дайындау керек

    • Жер сілкінісі кезінде отбасылық іс-қимыл жоспарын жасаңыз;
    • Дүмпуден кейін отбасыңыздың жиналу орнын анықтаңыз;
    • Пәтерден қауіпсіз жасырынатын орын таңдаңыз. Бұл көтергіш қабырғалар. Техжоспарды, техқұжатты көріңіз;
    • Ғимараттан эвакуациялау жолын алдын ала анықтаңыз және ауыр заттарды алып тастаңыз;
    • Көпқабатты үйде тұратын әрбір алматылық білуге тиіс 10 қарапайым ережені сақтаңыз;

    Еске салайық, 20 мамырда Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелген еді.

    Бүгін Алматыда сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.